ГлавнаяРазвивающие программыСенсорлы интеграция

Сенсорлы интеграция

Сенсорлы интеграция - бала дамуындағы ауытқушылықтарды түзетудің көпфукнционалды әдісі. Баланың аудиалды, визуалды, кинетикалық, вестибулярлы сфераларына әсер ету арқылы ойын түрінде өтеді. 

Адамдардың көбісінде сенсорлы интеграция процесі қоршаған орта талаптарына сай және дұрыс сенсомоторлы дамуды қамтамасыз ететіндей  автоматты түрде өтеді. Сенсорлы белгілерді өңдеу бұзылыстары болған кезде баланың мінез - құлқында, моторлы, таным дамуында дисфункциялар көрінеді.  

СЕНСОРЛЫ ИНТЕГРАЦИЯ БҰЗЫЛЫСЫНЫҢ СИМПТОМДАРЫ

1. Тактильді, көру, есту стимулдарына, сонымен қатар қозғалысқа деген, мысалы, кейбір заттардан қашу (құм, ботқа) сияқты сезімталдықтың шектен тыс немесе жеткіліксіз болуы;

  • ермексазбен, саусақпен сурет салу сабақтарынан қашуы
  • ас үй жабдықтарын, қайшыны қолданумен, басқарумен проблемалар;
  • қарандашты дұрыс емес ұстауы;
  • дыбысқа, шам жарығына деген сезімталдықтың жоғарылауы;
  • жазу мен оқуды үйрену үрдісіндегі қиындықтар;
  • ұсыныстарды тыңдау жағынан қиындықтар;
  • велосипедты айдап үйренудегі проблемалар;
  • әткеншекте, карусельде отырудан қашқақтау немесе сол ойындармен шектен тыс әуестену;
  • тақтадан көшіргенде қиналу, әріп, буындарды қалдырып кету;
  • оң жақ пен сол жақты айырудағы қиындықтар, әсіресе балада ойлануға уақыт болмаған кезде;
  • басқа адамға жақындау толеранттылығының төмен деңгейі. 

2. Қозғалу белсенділігінің деңгейі тым жоғары немесе тым төмен болуы 

3. Бұлшықет тонусының бұзылысы 

4. Әлсіз қозғалыс координациясы (бұл мәселелер жалпы немесе ұсақ моторикаға қатысты болуы мүмкін)

5. Қозғалу ұқыпсыздығы

6. Концентрациядағы қиындықтар, импульсивтілік 

7. Тез шаршағыштық 

8. Әлеуметтік байланыстардан бас тартуы 

9. Қозғалыс, тіл дамуындағы тежелістер, сонымен қатар оқу процесі кезіндегі қиындықтар

10. Қимыл - қозғалысты ұйымдастыру әлсіздігі, жоспарлаудың болмауы 

СИ ТЕРАПИЯСЫ КІМГЕ АРНАЛҒАН? 

  • Дислексия, дисграфия, дизорфография, зейіннің әлсіз шоғырлануы сияқты оқу процесі кезіндегі спецификалық қиындықтары бар балалар 
  • Гиперактивтілік, зейін жетіспеу синдромы (СДВ) бар балалар
  • ДЦП бар балалар  
  • Аутизм бар балалар
  • Психомоторлы даму тежелісі бар балалар

  • Ақыл - ойы кем балалар 

  • Генетикалық сипаттағы аурулары бар (мысалы, Даун, Аспергер, Ретта, Вильямс, Тернер, Клайнфельтер синдромдары) балалар 

ТЕРАПИЯ НӘТИЖЕСІ - Жақсару: 

  • жалпы және ұсақ моторика дамуының 

  • зейін мен концентрацияның 

  • көру және есту қабілеттерінің 

  • өзін-өзі тануы мен өзін - өзі бағалауы 

  • функционалдылығы  

Қызмет құны: 

1 сабақ  - 7000 тг
12 сабақтық
курс -72 000 тг
(45 мин) (индивидуалды сабақтар)