ГлавнаяОрталық туралы

Орталық туралы

Балам, сен жетістікке жетесің! - Сенің қолыңнан барлығы келеді, балақай! 

 Logoped Intellect  тіл дамыту орталығы Қазақстандағы бірегей авторлық дамытушы бағдарламалардың ресми өкілі болып табылады.  

Бұл сайт алаңдаушы ата - аналарға арналған. Өмірде бәрі жақсы болған қандай жақсы. Ал егер олай болмаса ше? Баламен проблемадан проблема болса - бір нәрсенің ДҰРЫС ЕМЕСТІГІН көріп, сезіп, түсінесің - бірақ нақты не? Егер бала екінші болса жақсы. Ал егер бірінші болса ше? Ештеңемен салыстыруға да келмейді. Осылай аналар күтіп қалады. Оларды түсінбейтін, сөйлемейтін, жат қылық көрсететін, есірген сәбимен қиналады - ал уақыт болса өтіп жатыр...   

Қандай балақайларға біз көмектесеміз

  • Барлық деңгейдегі психо - сөйлеу және тіл дамуының кешігуі - кез - келген сөйлемейтін балалар (ЗПРР,ЗРР) 
  • Алалия - сенсорлы, моторлы, сенсомоторлы
  • Аутизм
  • Аутисттік синдром (қасиеттер) (РАС)
  • Гиперактивтілікпен зейін тапшылығы синдромы (СДВГ)
  • Даун синдромы және басқа да хромосомды бұзылыстар
  • Мидың органикалық зақымдануы
  • Детский церебральный паралич (ДЦП)
  • Баламен «бірнәрсе дұрыс емес»  – яғни, мінез - құлық пен даму ерекшелігі

Жұмыс істеу принципі

Біз бала туралы толық ақпарат жинаймыз -

оның мәселелері, ерекшеліктері, ЭЭГ, мамандардың қорытындысы, сонымен қатар видеоматериалдар. Жеке карта арнап, жеке хаттама әзірлейміз. Сол арқылы біз балаға бағдарлама тағайындаймыз. 

8 жасқа дейін үлгеру қажет -

бас ми қыртысы 7-8 жасқа дейін белсенді түрде дамиды. 8 жасқа дейін әрбір өткізілген ай - кейін бір жылғы ауыр жұмысқа тең. 

Не жаттығады -

сол нәрсе дамиды: баланың нақты бір кемшілігімен жұмыс істеу арқылы оны түзетуге немесе барынша азайтуға мүмкіндік бар.

Түзету жоспары бойынша жұмыс жасаймыз -

әрбір балаға, оның мәселесіне байланысты 5-6 айға, дамуды түзету жоспары жеке жазылады. Сол жоспар бойынша біз жұмыс жасаймыз. 

Білімді қолданамыз:

диагностика + түзету бағдарламалары = дамуды жылдамдату.