ГлавнаяДамытушы бағдарламаларМикрополяризация (жеке хаттама бойынша)

Микрополяризация (жеке хаттама бойынша)

МИКРОПОЛЯРИЗАЦИЯ - тұрақты әлсіз тоқтың көмегімен ми жасушалары стимуляциясына негізделген, даму тежелісі бар балаларды қалпына келтіретін эффективтілігі жоғары әдіс. Тоқ күші нейрондардың (жүйке жасушаларының) биопотенциалына тең келетіндіктен, бұл әдісті тіпті ерте жастағы балаларға физиотерапиялық процедура ретінде де қолдануға болады. 

МИКРОПОЛЯРИЗАЦИИ (МП) әдісі түзетеді:

  • Моторлы бұзылыстарды — жалпы және ұсақ моториканы, көп жағдайда, ДЦП бар балалар. Бұл әдіс  отыру, ұстау қабілеті мен жүруді қалпына келтіруге барынша мүмкіндік береді.
  • Интеллектуалды дамудың артта қалуы, ЗПР, ЗПРР - бұзылыстардың немен шақырылғанына қарамастан. 
  • Балалардағы сөйлеу тілінің бұзылысы (моторлы және жартылай сенсорлы алалия, дизартрия, афазия, дислалия және т.б.). 
  • Мінез - құлық бұзылысы (гиперактивтілік синдромы, зейін тапшылығы, импульсивтілік және т.б.) 
  • Жазу тілінің бұзылысы (дисграфия, дислексия)
  • Бас - ми жарақаттары мен олардың салдарлары 
  • Инсульттің салдарлары — сөйлеу, қозғалыс және интеллектуалды функциялардың бұзылысы.
  • Бас миының қан тамырлары аурулары, сонымен қатар олардың салдарлары (“вегетативті статус” синдромы, гемипарездер, парапарездер, атаксия, афазия, алалия және т.б).
  • Бас ми нейроинфекциясының салдарлары.
  • Көру функциясының бұзылысы (амблиопия, нистагм, қылилық).Көру функциясының бұзылысы (амблиопия, нистагм, қылилық).
  • Есту функциясының бұзылысы  (сенсоневралды кереңдік)
  • Психоэмоционалды бұзылыстар (психогенді энурез, энкопрез, қорқыныштар,тиктер)
  • Кейбір жағдайларда эписиндром мен эпилепсияны, яғни ұстама санын айтарлықтай төмендетеді. 

Қандай нәтижелер?

  • Моторика сапалы түрде қалыпқа келеді — балалар аунап, отырып, тұрып, жүріп, жүгіре бастайды, өз - өзіне қызмет жасауы үшін қолдарын пайдаланып үйренеді (қасықты ұстау, кеседен ішу, шешініп - киіну, сурет салу, жазу және т.б.) 
  • Тамақ қабылдау кезіндегі қимыл - қозғалыстар қалыпқа келеді - шайнау, ауызда тамақты тілмен айналдыру, жұтыну.
  • Сөйлеу, сөздерді айту мүмкіндіктері қалыпқа келеді.
  • Сөйлеу тілі жақсарып, кей жағдайларда толығымен қалыпқа келеді, белсенді сөздік қор кеңейіп, балалар толық сөйлеммен сөйлей бастайды. 
  • Когнитивті қабілеттері жақсара түседі: зейін, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеті, моторика, интеллект және т.б.
  • Тану қызығушылғы арта түседі, зейіні жақсарады. Нәтижесінде, ауыр бұзылыстары бар балалардың педагогтармен оқу процесін бастауға мүмкіндігі болады.
  • Когнитивті қабілеттері жақсара түседі: зейін, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеті, моторика, интеллект және т.б. 
  • Тану қызығушылғы арта түседі, зейіні жақсарады. Нәтижесінде, ауыр бұзылыстары бар балалардың педагогтармен оқу процесін бастауға мүмкіндігі болады.
  • Оқу процесі жақсарады.
  • Гиперактивтілік, импульсивтілік пен агрессия төмендейді, зейін жақсарады.
  • Балаларда абстрактілі ойлау қабілеті жұмыс жасай бастайды (бұзылыстары бар балалардың көбісінде бұл қабілет дамымайды), көз алдында баланың тапқырлығы артады. Бұл балаға болашақта қалыпты мектепте оқуға мүмкіндік береді.

Бродманның цитоархитектоникалық өрістері

Бродман өрістері — өзінің цитоархитектоникасы бойынша (жасуша деңгейіндегі құрылымы) ерекшеленетін бас миының үлкен жартышар қыртыстарының бөлімдері. 52 цитоархитектоникалық Бродман өрістері бар.

Бродман өрістеріне сәйкес, мидың әр бөлігі белгілі бір нәрсеге жауапты (түсіну аймағы, сөйлеу аймағы, есте сақтау, зейін шоғырлану, дыбыс, көру, вестибулярлы анализатор аймақтары, дәм сезу аймағы және т.б.). 

Сондықтан да, жеке хаттама құру барысында бала дамуының барлық ерекшеліктерін ескеру маңызды.  

Жеке хаттама

Микрополяризацияның әсер ету сызбасы: : электродтар қай нүктелерге қойылады. Стимуляциялар қандай күшпен, ұзақтылықпен, периодтылықпен болады. Хаттама жазылатын кезде ескерілетін жағдайлар:  

  1. қалыпқа келтіруге қажетті баладағы нақты бұзылыстар

  2. ЭЭГ (энцефалограмма)

  3. анализдер бойынша бұзылыстар (зат алмасу бұзылысы)

  4. дәрілерді қабылдауы (қазіргі таңда бала қандай дәрілер мен БАД-тарды  қабылдайды)

  5. оңақай/солақай

  6. өмірлік жағдайлар - процедураға ата - аналар қалай келеді немесе қанша уақыт МП болатын қалада бола алады 

Біздің Logoped Intellect  орталығында МИКРОПОЛЯРИЗАЦИЯ әдісін қолданудағы бірегейлік

  • әрбір балаға оның даму бұзылысындағы барлық ерекшеліктерді ескере отырып, ЖЕКЕ ХАТТАМА жасалынады
  • МП курсы орташа есеппен 15-16 сеансты құрайды
  • Микрополяризацияның бірден 2 бағдарламасы өткізіледі: транскраниальді  -басқа , трансвертебральді  - арқаға (жалпы және ұсақ моториканы жақсарту үшін)
  • бір уақытта МП әсерін оксигенотерапиямен  (ми жасушаларын оттегімен байыту) күшейтеміз. 

 

Микрополяризация. 1мА (микроток) күші бар тұрақты тоқтың әсерімен орталық жүйке жүйесінің түрлі бөлімдерінің функционалды жағдайын өзгертуге мүмкіндік беретін емдік тәсіл. Бұл тәсіл балалар неврологиясында кеңінен қолданылады.

 

Нәтижелерді қашан күтеді?

Максималды әсері   курс біткеннен кейін 2,5-3,5 айдан соң, зақымдалған жүйке тіні қалпына келіп, жаңасы өскенде  көрінеді. Курсты жаңа жеке хаттама бойынша, 3-6 айдан кейін қайталауға болады, өйткені кейінгі әсерлі эффектісі ұзақтау жүреді.

Қарсы көрсетілімдер:

  • Тоққа жеке төзбеушілік 

  • 1 жасқа дейінгі бала жасы 

  • Бас миындағы қатерлі жаңа түзілістердің болуы 

  • Электрлі әсер ету аймағында металды жабдықтардың болуы 

  • Экзема, дерматит, электродтардың орналасуына жақын аймақтағы тері зақымдануы 

  • Науқастың жалпы жағдайының ауыр болуы (жоғары температура, қызба, декомпенсирленген жүректің ишемиялық ауруы, бас миды қоса алғанда декомпенсирленген орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, терең таралған церебральды және жалпы атеросклероз , 3-ші дәрежеден жоғары гипертониялық ауру және т.б.).  

МИКРОПОЛЯРИЗАЦИЯ курсының бағасы

Курс ұзақтығы орташа есеппен 15-16 сеансты құрайды. 

  • жеке хаттама (ЭЭГ мен баланың барлық ерекшеліктерін ескере отырып, әр балаға қатаң түрде жеке  жасалынады)  

  • транскраниальды (бас) + трансвертебральді (арқа)

  • оксигенотерапия (ми жасушаларын оттегімен байыту)

  • Бағасы  220 000 тг