Кешенді консультация (ұзақтығы 1 сағат) - бұл тек диагноз қою ғана емес. Бұл баланың СӨЙЛЕУ, ИНТЕЛЛЕКТ пен барлық ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУЫНА арналған ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ.
Консультацияға кіреді:
- ең бастысы - БАЛАНЫ ТЕСТІЛЕУ
- диагноз қою (неврологиялық, логопедтік)
- қалпына келу курсын жазу (бағдарламалар мен сабақтар)
- метаболизмді қалпына келтіру бойынша ұсынымдар (қажетті талдаулар тізімі)
Диагностикаға қажет материалдар
- ЭЭГ (энцефалограмма, мүмкіндігінше 2 сағаттық ұйқыдағы (түнгі немесе күндізгі). ЭЭГ 1-1,5 жыл көлемінде жарамды.
- Жүктілік, босану мен ерте даму сауалнамасы (әкімшілік жібереді)
Сонымен қатар, консультацияда басқа да құжаттарды көрсетуге болады (егер де бұрын өткен болсаңыздар):
- Сурдолог қорытындысы (есту мәселелерін шегеру үшін)
- Бас миының МРТ
- Невропатолог, психиатр және т.б. мамандардың қорытындысы (туылғаннан бері қолда бар немесе медициналық карта)
- Бас мен мойын қан тамырларының УЗДГ
- Анализдер (егер бұрын тапсырған болсаңыз, соңғы 3-6 айдағы)
ОНЛАЙН консультация үшін, қосымша, баланы тестілеу видеосын түсіру қажет
Дистанционды консультация үшін бізге қандай видео қажет болады?
- Баланың жалпы моторлы дамуы - қалай жүреді, екі аяқпен, бір аяқпен қалай секіреді
- Өз - өзімен қалай ойнайды - яғни, ойыншықтарымен не істейді, ойынға қандай ойыншық таңдайды, ойыңды қандай дыбыстармен ұштастырады.
- Анасымен қалай ойнайды, қалай оны естиді, өтініштерін орындайды - анасы сөйлеп жатқан кезде бала қайда қарайды.
- Кітаптағы суреттерді анасымен қалай қарайды, үлкен суретте не нәрсеге қарайды, көзқарасын қалай концентрациялайды немесе суретті мүлдем елемейді.
- Қарындашпен қалай сурет салады (не салады, қандай қолмен, қарындашты қалай ұстайды).
- Заттардың жаңа белгілерін қалай есіңде сақтайды (тікенекті, ауыр, жеңіл, тегіс және т.б.).
- Қандай да бір спецификалық көріністер - балаңыздың қимыл - әрекетінде Өзіңізге оғаш көрінетін қылықтары, маманның назарын аудартатын нәрселер (тиктер, қолмен қимылдары, бір нәрсеге қадалу, айналу, стимдер, жүрудің белгілі бір түрі және т.б.).
Әрбір ролик – 2 минутқа дейін.
Толығырақ ақпаратты консультацияға жазылатын кезде администратор жібереді.