ГлавнаяДамытушы бағдарламаларВысокочастотная терапия (ВЧТ)

Высокочастотная терапия (ВЧТ)

Высокочастотная терапия (ВЧТ) - бұл барлық сөйлеу бұзылыстарын түзететін, баланың сөйлеуіне көмектесетін немесе сөйлеу қабілетін сапалы түрде арттыратын компьютерлік аудио бағдарламалар

Сондай -ақ, АУЫР СЕНСОРЛЫ АЛАЛИЯ кезінде фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді - яғни, үндемейтін балалар бізде сөйлей бастайды. Сонымен қатар бұл әдіс МОТОРЛЫ АЛАЛИЯМЕН де жұмыс жасайды - әсіресе, оның себебі - ми құрылымы аралық байланыс дамымауынан болса.  

Бас ми қыртысының функционалдылығы жақсарады (ЭЭГ қалыпқа келген аймақтарды айқын көрсетеді), ЭЭГ - де ритмдер жақсарады.

Сөйлеу тілінің қалыптасуы жүктіліктің алтыншы айынан тоғызыншы айға дейін анасының даусы мен оны қоршаған сыртқы ортаның дауыстары арқылы жүреді.  Осы дауыстармен, кейінірек, сөйлеу тілінің дыбыстарын ажыратуға мүмкіндік беретін  Вернике аймағы құралады. Ана құрсағында, суда сәби құлақпен естімейді, ол вибрацияларды қабылдайды.  Туылғаннан кейін жартышар аралық байланыс қалыптасады:  сөз - сурет - визуал.  Мысалы,  «күн» сөзі  –«сары күн» суреті  -  «балалар күн салып жатыр» визуалы. Осы аймақтар зақымдалған немесе дамымаған жағдайда, бала айтылған сөзді жалпы немесе жергілікті (белгілі бір жиіліктерді) ажырата алмайды. Сөйлеу тілінің дамуы осы кезде бір орында тұрады немесе тежеледі. ВЧТ бағдарламалары бұл бұзылыстарды түзетеді.

Бағдарлама кімге арналған?

ВЧТ бағдарламасы 1,5 жастан асқан балаларға тыңдауға ұсынылады. Сонымен қатар төмендегі диагноздары бар ересектерге:

  • Сенсорлы, моторлы және сенсо-моторлы алалия
  • Психосөйлеу және сөйлеу дамуының кез - келген бұзылыстары  (ЗПРР, ЗРР, ОНР-1,2,3, СНР)
  • Аутизм, РАС
  • СДВГ
  • ОЖЖ органикалық зақымдалуы 
  • Сөйлеу тілі дамуының кішігірім темптік бұзылыстары 
  • Есте сақтау қабілетінің нашар болуы, оқу үрдісі кезіндегі қиындықтар 
  • Инсульт, бас - ми жарақаттарының салдары 
  • Вирусты этиологиялы салдарлар (Менингит, Энцефалит, Ковид және т.б.)
  • Әлеуметтену бұзылысы - бала басқа балаларға қарамайды, ойын ойнамайды 
  • Жалпы және ұсақ моториканың бұзылысы 

Бұл қандай әдіс?

Бұл  сүйектік өткізгіштігі бар арнайы стерео құлаққаптар мен компьютерлік бағдарламалардан құралған қуатты аппаратты - бағдарламалық кешен. Баладағы анықталған бұзылыстарға сай әрбір балаға жеке хаттама жазылады.

Стимуляция 4 аудиоканал мен бір көру каналы (компьютер экраны) арқылы  бір уақытта жүреді, осылайша, бұл терапияны кез- келген сөйлеу және интеллектуалды бұзылыстар кезінде максималды эффективті етеді.   Барлық балаларда тіл дамуы мен  зейін, интеллект, моторика дамуында сапалы серпіліс байқалады.  

Бұл бағдарламада ең бастысы - басқа да түзету бағдарламалардағы сияқты - БАЛА ЖАСЫ КІШІ БОЛҒАН САЙЫН, ҚАЛЫПҚА КЕЛУІ СОҒҰРЛЫМ ТЕЗІРЕК ЖҮРЕДІ.

Бағдарлама бойынша жұмыс қалай жүреді? 

Балақай бағдарламаны 5-6 апта көлемінде, оның ұзақтығына байланысты (тыңдалым 26-29 күн, жеке жазылады) тыңдайды. 

Нәтижені 1,5-3 айдан кейін бағалаймыз. Бала неғұрлым кіші болған сайын, соғұрлым алғашқы нәтижелер ертерек пайда болады, тіпті 2-3 аптадан кейін. Нейрондардың негізгі қалпына келуі бағдарлама өтіп болғаннан кейін 3 ай ішінде жүреді.

Бағдарлама тілі:

Бағдарлама сонымен қатар сөйлеу тілінің сезімін жазып алады - яғни септік пен жалғауды ескере отырып, сөйлемді қалай дұрыс құрау сезімі. Сондықтан да бала бағдарламаны тыңдаған кезінде, өзінің ана тілінде тыңдағаны абзал. 

ВЧТ бағдарламалары мына тілдерде әзірленген:

  • Қазақша 
  • Орысша 
  • Ағылшынша 
  • Немісше 
  • Түрікше 

Танысу үшін терапиядан үзінді:
(екі каналдың біреуінің дыбысы берілген)

Пример

Вернике аймағын ынталандыру үшін бастағы құлаққаптардың орналасуы:

Брок аймағын ынталандыру үшін бастағы құлаққаптардың орналасуы:

ВЧТ бағдарламасын өтудегі қарсы көрсеткіштер: 

  • Онкологиялық аурулар, ісіктер;
  • Қатты әсер етуші препараттарды қабылдау (нейролептик /антипсихотиктер/басқа топ қатарлары );
  • Бір сәтте басқа аудиопрограмманы өтуі. ВЧТ-ны  басқа аудиостимуляция  аяқталғаннан кейін өтуге болады. 

Бағдарлама құны:

Жеке тағайындалған курс (26-29 күн)  = 250 000 тг

Сонымен қатар, басқа қалалардағы балалардың алдын - ала консультациядан кейін бағдарламаны үйде өту мүмкіндігі бар.