«Оқушы - Intellect» - мектеп оқушысы мен қарапайым балаларға арналған стимуляция бағдарламасы
Балалар көп жағдайда күйзеліске ұшырайды, шаршайды, үй тапсырмасын жасау қиынға соғады, көп нәрсені ұмытады. Көру стимулдарына үйренгеннен кейін, ақпаратты құлақпен қабылдау оларға қиынға соғады. Сонымен қатар шет тілдерін үйрену ауыр жүреді.
«Оқушы - Intellect» стимуляциялық бағдарламасы осындай барлық мәселелерді шешеді.
Бағдарлама қолданудың нәтижелері:
- Ақпаратты құлақпен оңай қабылдайды, есте жақсы сақтайды, оқу процесі жеңіл жүреді, сабақта өткеннің барлығы баланың есіңде қалады.
- Басқа тілді жақсы меңгереді, диктант жазады, оқыған нәрсесін жақсы түсінеді.
- Шаршағыштық азаяды, зейіні жақсарады, нәтижесінде жалпы үлгерімі көтеріледі. Сабақтарын тез әрі сапалы жасайды, бөтен затқа алаңдамай, оқумен ұзақ айналысатын болады.
- Шет тілдерін оқу жеңілірек жүреді.
- Жалпы интеллект жақсарады – бала тапқыр, зейіні шоғырланған бола бастайды, тұрмыстық және интеллектуалды тапсырмаларды тезірек шешетін болады.
- Сөйлеу тілі жақсарады - сөздік қоры көбейіп, сөздерді анығырақ айтып, сөйлемдері ұзақ әрі мағыналы бола бастайды.
- Жалпы моторикасы жақсарады - жүгіру, секіру, самокат пен велосипед айдау дамиды, бала қимылдарды дәлірек қайталайды.
- Есте сақтау қабілеті жақсарады – көру және есту - сөйлеу жады - бала ақпараттың үлкен көлемін есте сақтай алып, біраз уақыттан кейін анасын таңғалдыратындай етеді.
- Ұсақ моторика жақсарады - баланың сурет салуы, бояуы, жазуы, қолжазбасы жақсара түседі.
- Зейіннің шоғырлануы жақсарады - тіпті тежелген баланың өзі мұқият бола бастап, анасымен немесе оқытушымен - аса қызық болмаған нәрселермен ұзағырақ айналыса бастайды.
Қандай балаларға бағдарлама болады?
- 6 айдан асқан балаларға - яғни, дамуды жеделдету үшін барлық жастағы қарапайым балаларға (әр жасқа - өзіндік бағдарлама);
- Шамалы сөйлеу бұзылыстары бар балаларға - логопедиялық мәселелер (әріптерді анық айтпайды; жалғау, шылауларды қалдырып не болмаса дұрыс қолданбайды), сөздік қорының аздығы (сурет бойынша сипаттап айта алмайды) және т.с.с;
- Дамудың шамалы кешігуі бар балаларға - ұзақ ойланатын немесе қатарластарынан қалыңқырағандарға (анасының пікірінше);
- Зейін тапшылығы бар балаларға - алаңғасар, орнықсыз, шашыраңқы, өте белсенді, осы ерекшеліктеріне байланысты ақпаратты қабылдауымен қиындықтары бар балдырғандарға;
- Барлық мектеп жастағы балаларға;
- Төмендегі тілдердің кез - келгенін меңгергісі келетін балақайларға: ағылшын, неміс, түрік, орыс немесе украин.
Қазір АУДИОСТИМУЛЯЦИЯМЕН (12 аудиоэффектісімен) қатар мидың альфа және бета - ритмдерінің (интеллектуалды қызметтің негізгі ритмдері) дұрыс жұмысына бағытталған қуатты ВИЗУАЛДЫ СТИМУЛЯЦИЯ да қолданылады. Бала тыңдалым кезінде кез - келген мультфильмді (дыбыссыз) көреді, ал визуалды эффект сол сияқты барлық психикалық үрдістердің, ең алдымен, зейін, жады сияқты қабілеттерінің жақсаруына және мидың ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттыруына жұмыс жасайды. Дамуды жетілдіру үшін бір бағдарламаны жыл сайын өтуге болады. Сонымен қатар, оны қайталауға да болады, бірақ, кем дегенде, 2-3 айдан кейін, өйткені бағдарламада стимуляцияланған нейрондардың өсуі жарты жылға дейін жүреді.
Танысу үшін терапиядан үзінді:
(екі каналдың біреуінің дыбысы берілген)